«Яндекс.Такси» тарифтің қымбаттауы туралы үш күн бұрын хабарлауға міндеттелді

АСТАНА. KAZINFORM – Монополияға қарсы аудиттің нәтижесі бойынша «Яндекс.Такси» компаниясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен монополияға қарсы комплаенсті сақтау туралы келісімге келді.

Такси
Фото: Яндекс Go

Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті. Оның айтуынша, құжатқа сәйкес, компания баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру және тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында бірқатар міндетті өз еркімен қабылдады. 

- Негізгі шарттардың бірі – жол жүру құны қымбаттамай тұрып, кемінде үш күн бұрын агенттікті алдын ала хабардар ету міндеттемесі. Бүгінде компания бағаны көтерген жоқ, тиісінше, одан ешқандай хабарлама түскен жоқ. Хабардар ету талабы жақында ғана монополияға қарсы комплаенс аясында енгізілді, бірақ заңмен бекітілмеген, – деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске салсақ, 2023 жылы Яндекс таксиге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған еді. 

Айта кетейік, былтыр «Яндекс.Такси» жүргізушілеріне арналған пилоттық жоба іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар