14:54, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Янукович қорғаныс және сыртқы істер министрліктеріне кандидаттарды нақтылады
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кандидатураларын нақтылады.
Янукович олардың аты-жөндерін атаған жоқ, бірақ жақын арада жария етуге уәде берді, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Ол, премьерлікке Николай Азаренко, Сергей Тигипко, Арсений Яценюк және Юрий Ехануровтардың кандидатураларын қарастырып отырғанын тағы да еске салды. «Барлығы, қай кандидатураның Парламент үшін көзайым болатындығына байланысты», деп мәлім етті Янукович.