Янукович орыс тілінің үмітін үзді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович елдегі бірден-бір мемлекеттік тіл украин тілі болады деп мәлімдеді,

Янукович орыс тілінің үмітін үзді

деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұл туралы ол Каневте ақын Тарас Шевченконың туған күніне арналған салтанатта сөйлеген сөзінде айтты. Бұдан басқа, мемлекет басшысының айтуынша, Украинада міндетті түрде Еуропалық аймақтық тілдер хартиясы енгізіледі.

Айта кетерлігі, 2009 жылғы қыркүйектің 2-сінде Аймақтар партиясының көшбасшысы болып тұрған кезінде Янукович егер Украина президенті болып сайлана қалсам, орыс тілі екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін дегенді айтқан болатын.