Ярослав Качиньский Польша президенттігіне кандидат атанды
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - «Заң және әділдік» партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский Польша президенттігіне ресми кандидат ретінде ұсынылады.
Партия басшылығы дүйсенбі күні осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Президенттікке ұсынылған партияның бұрынғы кандидаты - Лех Качиньский, Ярославтың туған бауыры сәуірдің 10-ы күні Смоленск түбінде ұшақ апатында қаза болған еді.
Ярослав Качиньский 1949 жылы маусымның 18-інде Варшавада дүниеге келген. Варшава университетінің заң факультетін бітірген. Құқық докторы. 1991-1993, 1997-2001 және 2001-2005 жылдары - Польша Сеймінің мүшесі болған. 2006-2007 жылдары - Польша Үкіметін басқарған. Қазіргі таңда «Заң және әділдік» партиясының жетекшісі.