23:26, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Йеменде Аден қаласындағы қақтығыста 43 бейбіт адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің Аден қаласы мыңында соңғы тәулікте аяусыз қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Аден қаласының солтүстік бағытындағы шеткі аудандарын атқылаған көтерілісші хуситтердің оғынан 43 жергілікті тұрғын мерт болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Кеше түнде Үкімет тарапында соғысқан жергілікті тұрғындардың Тавахи әкімшілік ауданындағы хуситтерге тойтарыс беру операциясы сәтсіз аяқталды. Өткен апатада көтерлісшілер Сауд Арабиясы бастаған Үкімет әскерінің әскери іс-қимылдарынан кейін ығысты. Елге заңды үкімет өкілдері орала бастады. Алайда, елдің президенті Мансур Хади әлі Сауд Арабиясында.