Йеменде әскери ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза болды

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Йеменде әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш пен алты жолаушы қаза болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Утро.ру хабарлады.

Йеменде әскери ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза болды


Оқиға ел астанасы Сана қаласында орын алды. Зардап шеккендер саны әлі ұлғаюы мүмкін. Апаттың мән-жайлары анықталуда.