Йоханн Никлаус Шнайдер-Амман 2016 жылы Швейцарияның президенті болды

Швейцарияның заңнамасы бойынша, президент елдің Федералдық кеңесінің қазіргі мүшелерінің арасынан бір жылға тағайындалады. Ол мемлекет басшысы болып табылмайды, себебі бұл қызметтерді Федералдық кеңестің барлық мүшелері ұжыммен атқарады. Алайда ол «тең адамдардың арасында бірінші» саналып, оның дауысы ағымдағы істерді талқылауда шешуші болып табылады. Бұл ретте президент жаңа қызметін бұған дейінгі жұмысымен бірдей атқаруын жалғастырады.
Шнайдер-Амманн немістілді Берн кантонындағы швейцариялық Зумисвальд коммунасында дүниеге келген. Швейцарияның жаңа президенті білімі бойынша - инженер-электрик, бірақ негізінен басқарушы қызметтерді атқарған. 2010 жылы елдің Федералдық кеңесінің құрамына сайланып, Экономика, білім және зерттеулер министрінің қызметіне кірісті.