Йоханнес дауылынан Швеция, Норвегия және Финляндия халқы зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – Йоханнес теңіз дауылынан Швеция, Норвегия және Финляндияда электр желілері үзіліп, ондаған мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.

Йоханнес дауылынан Швеция, Норвегия және Финляндия зардап шекті
Фото: Deutsche Welle

Швед ақпарат агенттігі TT-ның мәліметіне сүйенсек, Швецияда 40 мың үй жарықсыз қалған. Стокгольмнен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Сандвикен қаласында үстіне ағаш бұтағы құлаған ер адам көз жұмған. 

Ашық аспан астындағы жұмыс барысында Hemab энергетикалық компаниясының қызметкерінің де үстіне ағаш құлап кеткен. 

Йоханнес дауылынан Швеция, Норвегия және Финляндия зардап шекті
Фото: Deutsche Welle

Сондай-ақ Финляндияда дауылды жел Женевадан ұшып келген Swiss Airlines жолаушылар ұшағын ұшу-қону жолағынан ұшырып кете жаздады. Абырой болғанда оны үйілген қар ұстап қалған. Аталаған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Калифорниядағы жойқын дауыл соңы су тасқынына ұласты. 

Соңғы жаңалықтар