YouTube пен TikTok-тан табыс табатындар салық органдарына есеп береді

АСТАНА. KAZINFORM — YouTube, TikTok басқа да шетелдік интернет-платформалар арқылы табыс тауып жүрген қазақстандықтар салық органдарына есеп бере бастайды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті. 

YouTube пен TikTok-тан табыс табатындар салық органдарына есеп береді
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— YouTube, TikTok, Facebook және басқа платформада контент жасап ақшаға айналдыратын азаматтар туралы аталған компаниялар табыс көлемі туралы мәліметті бізге береді, — деді Мәди Такиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған мәлімет деректерді салыстыру үшін қажет.

— Дегенмен, жеке тұлға декларацияны өзі тапсыруы тиіс. Платформалардан келіп түсетін мәлімет растау үшін пайдаланылады. Егер декларация тапсырмаса, бірақ табыс тіркелсе, ескерту жасап, жеке тұлғаға декларация тапсырып, салық төлеу жөнінде хабарлама жолдаймыз, — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қаржы министрі шенеуніктердің қосымша табысын ашық жариялауға қатысты түсінік берген еді

Еске салсақ, Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізетіні туралы хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар