Ыстамбұл әуежайындағы террорист ВИДЕОға түсіп қалды

Сондай-ақ Twitter әлеуметтік желісінде Ыстамбұлдағы халықаралық Ататүрік әуежайында болған жарылыстың видосы жарияланған.
Видеожазбада террористің жарылғыш құралды жерде жатып іске қосқаны, бұған дейін оны әуежайда қызмет ететін ер адамның тоқтатпақ болғаны байқалады.
Бұның алдында ғаламторда жарылыс сәті бейнеленген видеоның компьютерден көрсетілуі жарияланған еді. Кадрдан жарылыстың қалай басталғанын көруге болады, тарс-тұрс дыбыс естіліп, жарылыс ошағына жақын тұрған адамдардың қалай қашқандары көрсетілген.
Ататүрік әуежайында орын алған жарылыстан түрлі деректерге сәйкес 31-32 адам қаза тапқан. Соңғы мәлімет бойынша 147 адам зардап шеккен. Жарылыстар сериясы халықаралық терминалда орын алды. Әуежай өз жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл шабуылды әзірге ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Бірақ Dogan түрік агенттігінің дереккөзі жарылысты «Ислам мемлекетінің» ұйымдастырғанын жеткізді.