Ыстамбұлдағы лаңкестік оқиғасы: Түркияда аза тұту күні жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда Ыстамбұлда сенбі күні кешке орын алған екі жарылыстың құрбандарын аза тұту бойынша өкімге премьер Бинали Йылдырым қол қойды, бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап, Life.ru хабарлады.

Ыстамбұлдағы лаңкестік оқиғасы: Түркияда аза тұту күні жарияланды

Елде тулар төмен түсірілді.

Еске салсақ, Ыстамбұлда "Бешикташ" - "Бурсаспор" ойынынан кейін екі жарылыс орын алды. Билік деректеріне сүйенсек, алдымен "Водафон-арена" стадионы маңында жарылғыш зат қойылған көлік жарылды, 45 секундтан кейін саябақта лаңкес жанкешті өзін жарып жіберді.

Соңғы деректерге сәйкес шабуыл салдарынан 29 адам - 27 полицей, екі қарапайым адам қайтыс болды. 166 адам жарақат алды. Лаңкестікке байланысты тоғыз адам ұсталды.