Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында өрт болды
АСТАНА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат - Кеше түнде Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында өрт болды.
Жергілікті өкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда, өрт туралы алғашқы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 22-де берілген. Электр энергиясында іркіліс болған жағдайда пайдаланылатын генератордың бірі өртенген, деп хабарлады РБК агенттігі.
Өрт терминалдың маңында болды, бірқ та жолаушылар зардап шеккен жоқ. Әуежай жұмысы, ұшақтарды ұжыру-қондыру қалыпты режімде атқарылуда.
Өрттің себебі әзірше белгісіз. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, олар өрт шығу себебін анықтауға тиісті.