20:30, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Ыстық агломераттың конвейер лентасына түсуі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өрттің шығу себебі болуы мүмкін - Қарағанды облысының ТЖД
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комнатында ыстық агломераттың конвейер лентасына түсіп, кейін жануы өрттің шығу себебі болуы мүмкін.

Бұл туралы сұхбат беру барысында Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру басқармасының басшысы Арман Алпысбаев мәлім етті.
«Алдын ала болжам бойынша ыстық агломераттың конвейер лентасына түсіп, кейін транспорттық лентаның отқа орануы өрттің шығу себебі болуы мүмкін», - деді А. Алпысбаев. Бұл өндірістің технологиясына қатысты, деді ол.
«Негізінде агломерат лентаға суық күйінде түсуі керек, алайда оқыс оқиға орын алды», - деді А. Алпысбаев. Ол сондай-ақ осыған ұқсақ жағдай, яғни өрт оқиғасы осы жылдың сәуір айында орын алғандығын атап өтті. «Дегемен ол кезде өрт қазіргі жағдаймен салыстырғанда әлсіз және адам шығынынсыз болған еді», - деді ол.