Юань көп пайдаланылатын әлем валюталарының бестігінен шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы ақпанның қорытындысымен юань әлемдегі қаржылық есеп-қисапта көбірек пайдаланылатын валюталардың бестігінен шығып қалды, деп хабарлады The Wall Street Journal басылымы, Бүкіләлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамдастығының (SWIFT) мәліметтеріне сілтеме жасап.
None
None

Сөйтіп, юань топ-5-те небәрі үш ай тұрақтады - 2014 жылғы қарашада қытай валютасы жетінші орыннан бесінші орынға жоғарылап, канадалық және австралиялық долларды басып озған болатын, деп хабарлады РБК. Қыстың көп бөлігінде юань әлемдік есеп-қисапта АҚШ долларына, еуроға, британ фунт стерлингісіне және жапон иеніне ғана жол берді. 2014 жылы желтоқсанда ол барынша көтеріліп 2,17 пайыз межеге жетті, соның нәтижесінде иеннің артықшылығы 0,5 пайыздық тармаққа дейін қысқарды.

Қаңтарда юань 2,06 пайызға дейін қысқарды, бірақ та оған қарамастан ҚХР валютасы топ-5-те қалды, ал құжаттамалық аккредитивтер бойынша есеп-қисапта оның үлесі ширек көлемге дейін өсіп (7,32 пайыздан 9,43 пайызға дейін) соның нәтижесінде юань екінші орынға орнығып, еуродан едәуір ұзап кетті.

2015 жылғы ақпанның қорытындысында юань үлесі 1,81 пайызға дейін қысқарып, валюталардың халықаралық есеп-қисабында ең көп қолданылатын валюталардың рейтингісінде қайтадан жетінші орынға шегінді.

Оның бұлайша құлдырауын SWIFT сарапшылары ұзаққа созылған қытайлық жаңа жыл мерекесінен көреді. Қытайда оны атап өту 19 ақпанда басталды және бұл бірқатар жергілікті банктер мен қаржы компанияларының бірнеше жұмыс күндері бойы каникулге кетуіне әкеп соқты.

2015 жылғы наурызда ҚХР Орталық банкінің басшысы Чжоу Сяочуань дефляция қаупін ескертіп, егер ел шамадан тыс жұмсақ несие-ақша саясатын жүргізетін болса, Қытайдың құрылымдық реформалары пайда бермейтінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар