Юань жаңа резервтік валюта мәртебесіне үміт артуда

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңдағы есеп айырысу құралы ретінде бір ғана мемлекеттің валютасына байланып қалудың дәурені өткені жайлы соңғы кездері жиі айтылып жүр. Көпшілігі долларлық империя келмеске кетеді, оның орнын жаңа валюта басады десіп жүр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Жаңа резервтік валюта мәртебесіне қытай юаны да үміт артып отыр. Әзірге Қытай ресми мәлімдеме жасамағанмен, Бейжің өз валютасының аймақтық немесе тіпті әлемдік резервтік валюта мәртебесіне ие болуы үшін алғашқы қадамдар жасап жатқаны айдан анық. Әрине оған біраз уақыт керек, өйткені қытай өкімет орындары елдегі экономикалық тұрақтылықты сақтауды басты басымдық деп біледі. Дегенмен алғашқы қадамдар жасалды. Өткен жылдың желтоқсанында ҚХР юань Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы елдері арасында және Қытайдың автономиялық Гуанси және Юньнань провинцияларында саудада қолданылуы мүмкін дегенді айтып қалды. Сонымен қатар Аспанасты елі қытай өнімдерін сатып алатын шетелдік импорттаушыларға арзан несие ұсынуға әзір екенін де атап өту қажет. Бұл жағдайда импорттаушылар қытай компанияларымен есеп айырысуда юаньды қолдануға мәжбүр болады. Оның үстіне ҚХР өкіметі өз банктерінен шетелдік компанияларға мүмкіндігінде юань есебімен көбірек несие беруді талап етіп отыр. Айталық, 2009 жылғы қаңтарда мемлекеттік Export-Import Bank Мьянмаға 200 млн. доллар несие берді. «ҚХР-да көршілерін өзінің ұлттық валютасымен «таныстырудың» тамаша мүмкіндігі пайда болды», деп санайды қытайлық сауда министрлігінің өкілі. Fk Chinese Academy of Social Sciences сараптамашысы қытай юанының аймақтық валюта мәтебесіне ие болуы ел экономикасына пайдалы деген пікір айтты.Біртұтас резервтік валютаны енгізу идеясынан Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі де дәмелі. Осы одаққа кіретін Бахрейн, Катар, Куәйт, БАӘ, Оман, Сауд Арабстаны 2010 жылы аймақтық «шығанақ динарын» резервтік валюта ретінде енгізуді жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар