Юлия Путинцева Осака турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен шеберлік байқасты.

Юлия 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті.

Бір сағат 19 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. В.Савиных 1 эйспен ғана шектелді.

Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Жапонияда Осака жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар