Юлия Путинцева Швециядағы турнирде алғашқы қарсыласын ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 84-ракеткасы Юлия Путинцева Бостад (Швеция) WTA 125 турнирін сәтті бастады.

Путинцева прокомментировала победу над Кросс в матче с Канадой
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингіде 304-орындағы грекиялық Марта Матуланың мысын басты. 

Бірінші партияда тай-брейкте Путинцева сәтті ойнады – 7:6 (7:3)

Екінші сетте айқын басымдылық танытты – 6:1.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Юлия 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Матула 4 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 148-ракеткасы, сербиялық Лола Радивоевич немесе рейтингіде 208-сатыдағы германиялық Мона Бартельдің қай жеңгенімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Дамир Жалғасбайдың жарыстың 7-ракеткасын жеңгенін жазған едік.