Юлия Тимошенко оппозицияға кетті

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко оппозицияға кетуде,

Юлия Тимошенко   оппозицияға  кетті

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Агенттіктің хабарлауынша, «Украина» телеарнасының эфирінде сөйлеген сөзінде Тимошенко ханым, «қызметтен кетіп жатқан үкіметтің елді «газ үшін барлық қарызы өтелген» ел ретінде ізбасарларына тапсырып жатқанын мәлім етті.

Ақпанның 7-сіндегі президенттік сайлаудағы жеңілісіне тоқталған ол, сайлаудың әділ болмағанын тағы да атап көрсетті.

Сәрсенбі күні Жоғарғы Рада Юлия Тимошенконың үкіметін отставкаға жіберуге дауыс берді. Енді ол Юлия Тимошенконың блогы партиясының парламенттегі фракциясына жетекшілік етеді.