09:49, 03 Қараша 2017 | GMT +5
ЮНЕСКО: Соңғы 11 жылда ащы шындықты айтқан мыңға жуық журналист өлтірілген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 11 жылда әлемде шамамен 930 журналист өлтірілген, деп хабарлайды ЮНЕСКО баспасөз қызметі.
«Соңғы 11 жылда жұртшылыққа шындықты жеткізгені үшін 930-дан астам журналистің көзі жойылған», - делінген хабарламада.
Бұл орта есеппен әр төрт күнде бір журналист ақиқат жолында қаза табады деген сөз. Ал қанішерлердің тоқсан пайызы жазадан жалтарып қалады.
Айта кеткен жөн, жыл сайын 2 қарашада Халықаралық журналистерге қарсы жасалған қылмыстың ашылмауына тойтарыс беру күні атап өтіледі.