Юритандық зергер әлемдегі ең қымбат шырша ойыншығын жасады
АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Британдық Хэмпшир графтығында тұратын аты шыға қоймаған бір зерер әлемдегі ең қымбат шырша ойыншығы деп аталуға лайықты дүние жасап шығарды.
Ол әшекейдің бағасы 130 мың доллар шамасында, деп хабарлайды британдық бұқаралық ақпарат құралдары.
Зергер Марк Хассейдің айтуынша, шырша ойыншығын бір жылдай уақыт жасаған. Ол 18 караттық ақ алтыннан жасалып, 1,5 мың гауһар таспен әшекейленген. Шар ойыншықты айналдыра 188 қызыл лағыл тастан екі шеңбер жүргізілген.
Қазір ойыншық британдық сауда орталықтарының бірінде қатты шынымен қапталған қорапшаның ішіне қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылып отыр.