Ющенко Бандераға Украинаның Батыры атағын берді
АСТАНА. Қаңтардың 22-і. ҚазАқпарат - Украинаның президенті Виктор Ющенко украин халқын азат етушілердің көсемі Степан Бандераға Украинаның Батыры атағын берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Ющенко Украинаның бірлік күніне арналған салтанат барысында мәлім етті. «Степан Бандераға держава орденін тапсыра отырып, Украинаның Батыры атағын беруге қаулы етемін», - деп хабарлады президент. Ющенко награданы Степан Бандераның немересіне тапсырды.