«Ювентус» фанаттарының тапталуынан 1500 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі кезінде бірін-бірі таптап, одан зардап шеккен «Ювентус» жанкүйерлерінің саны 1,5 мыңнан асты, деп хабарлайды ANSA агенттігі.
None
None

Оқиғадан 1527 адам зардап шекті. Үш адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Мұнда Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі кезінде жұрт бірін-бірі таптап, салдарынан 1527 адам жапа шекті. Үш адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. «Туринде матчты үлкен экраннан көруге 30 мың адам жиналған. Куәгерлердің айтуынша, «Реалдың» үшінші голынан кейін жиналған жұрт тұрған жерде тарсылдаған қатты дыбыс шыққан кезде жапа тармағай қаша жөнелген.

Айта кетейік, «Реал» испандық футбол клубы италиялық «Ювентусты» Чемпиондар лигасының финалдық матчында 4:1 есебімен ұтып жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар