Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Заңды тұлғалардан кибералаяқтықтың алдын алу талап етіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Кибералаяқтық қатерлерін және жалпы алаяқтық операцияларды айтарлықтай азайтатын жүйе жөнінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

алаяқтық
Фото: ҚР ҰҚК

– Жаңадан қабылданған заңдар аясында бизнес үшін міндетті түрде нөмірді сәйкестендіру талабын енгіздік. Бұл кибералаяқтық қатерлерін және жалпы алаяқтық операцияларды айтарлықтай азайтады деп есептейміз. Өйткені, сізге қандай да бір заңды тұлғадан қоңырау түскен кезде, ол нөмір телефоныңыздағы контактілер тізімінде сақталмаған болса да, экранда бірден компанияның атауы көрсетіледі, – деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Вице-министрдің сөзінше, қазір осы жүйені іске қосуға қажетті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дегенмен, ол жобаның нақты қашан іске қосылатынын нақты білмейтінін айтты. Бұл мәселеге тікелей жауапты Телекоммуникациялар комитетіндегі әріптестерінен нақтылау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне киберқауіпсіздікті оқытуға міндеттелетінін жазғанбыз.