23:18, 29 Қазан 2024 | GMT +5
Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек ұсталды - фейк
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Әлеуметтік желіде ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны жайында ақпарат тарады.
Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, блогерді бүгін полиция қызметкерлері ұстаған.
Заңгерге «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі деректерді жария ету» және «Сот төрелігіне кедергі жасау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Яғни, Шымкент қаласы полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстамағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, кеше Шымкентте балабақша есепшісі - көпбалалы әйел бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды.