Заңнаманың дөрекі бұзылуы Майқайың ауылында төрт үйді су басып қалуға соқтырды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Баянауыл ауданының прокуратурасы селолық округтердегі қорғаныш құрылыстары мен бөгеттерді тексеріп шықты,
None
None

деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасынан.

Тексеру барысында, Сәтбаев, Жаңатілек, Ұзынбұлақ және Бірлік селолық округтарындағы бөгеттердің өткен ғасырдың 70-шы жылдары салынғанын және ол нысандардың құқықтық негізделген құжаттары жоқ екені анықталған.

Наурыз айының соңында Майқайың ауылында суқашыртқы жүйесінің жұмыс істемей тұруы салдарынан төрт үйді су басып қалған болатын. Ауыл әкімдігі жүйені тазалау және ағын суды бұру жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдамаған.

Тексерулердің қорытындысы бойынша Баянауыл ауданы әкімінің қарауына анықталған заңсыздықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді. Жергілікті деңгейдегі төтенше оқиғаларды алдын ала ескерту және олардың салдарын жою жұмыстарына жауапты Майқайың ауылы әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір ауылда суқашыртқы жүйелері тазартылып, баспанасыз қалғандарға үй берілді.

Соңғы жаңалықтар