Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Заңсыз жолаушы тасымалының 139 дерегі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — 11-16 шілде аралығында еліміздің аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

полиция
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жаз мезгілінде жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын апаттардың алдын алу мақсатында 11-16 шілде аралығында елімізде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жолдағы бақылау күшейтіліп, автопатрульдер саны артты. 

Полиция нарядтары жолда жүру қағидаларын бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Іс-шараның алғашқы үш күнінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 22,5 мыңнан астам дерегі анықталды.

Оның ішінде: көлік құралын мас күйде басқарудың 300-ден астам дерегі; жолдың қарсы жолағына шығудың 260 дерегі; жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 854 дерегі; жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 139 дерегі, оның ішінде 60-тан астамы такси қызметі саласында анықталды.

Арнайы тұрақтарға 1,5 мыңнан астам көлік құралы қойылды. Полиция барлық жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Айта кетелік Көлік министрлігі елдегі жол апаттарының 91%-ы жүргізушілердің кінәсінен болатынын айтқан еді