14:07, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Заңсыз ағаш кесушілер құрықталды
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Семей орманы» Мемлекеттік табиғи орман шаруашылығында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Грачевск орманы аумағында жалпы көлемі 69 текше метр заңсыз кесілген ағашты тасымалдап бара жатқан екі «Урал» автокөлігі мен «МТЗ-82» тракторын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің хабарына сілтеме жасап. Зиянкестердің табиғатқа келтірген залалы 1,4 млн. теңгені құрады. Бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.