Заңсыз айналымнан алынған героин есірткісі 320 киләні құрады ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы тәртіп сақшылары есірткімен байланысты 9,5 мың қылмыстың жолын кесті. Олардың 4,5 мыңы есірткіні саудалауға байланысты болып отыр. Заңсыз айналымнан 23 тонна есірткі тәркіленді.
None
None
Оның 320 киләсін героин құрап отыр. Бұл мәліметтерді бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, айналымнан алынған есірткі көлемі 2007 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,5 есеге көп болып отыр. Сонымен қатар есірткі қылмысына қатысты 9 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. «Бүгін біз Ауғаннан тасымалданатын есірткінің ауыр түрі героиннің жолын кесуге бар күш-жігерімізді салып отырмыз. Сонымен қатар Жамбыл облысында қарасораны өнеркәсіпке пайдалану үшін салынатын кәсіпорын да елдегі жағдайға игі-ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бұған қоса біз есірткімен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті де қатайттық. Енді оны оқу орындарында саудалап, жасөспірімдерді есірткіге еліткендер 15-тен 20 жылға дейінгі аралықта немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады», деді министр.
Соңғы жаңалықтар