Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Заңсыз көші-қон үшін ҚР-дың Үндістандағы бұрынғы консулынан 27 миллион теңге өндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда, Алмалы аудандық сотында Үндістандағы бұрынғы ҚР консулы Рашид Рахымбековке үкім шығарылды, деп хабарлады Алматы қаласының сот әкімшілігі ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі міндетін орындаушы Бауыржан Ахметов.

Заңсыз көші-қон үшін ҚР-дың Үндістандағы бұрынғы консулынан 27 миллион теңге өндірілді

«Сот үкімімен 8.08.2016 жылы Рахымбеков Рашид Тауфықұлы ҚР ҚК 394 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыс жасады деп танылды. Оған 1 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру және 1 жыл, 6 ай пробациялық бақылау түріндегі жаза тағайындалды. Аталған мерзім ішінде мекен-жайын ауыстыруға, пробация қызметіне ескертпей, өзге жаққа кетуге тыйым салынады. Одан бөлек, мемлекет пайдасына 26 787 551 теңге өндірілді», - деп атап өтті Б.Ахметов.

 Рашид Рахымбеков 2010-2013 жылдары ҚР Үндістандағы консулы болып қызмет еткен.

Бұрынғы консул заңсыз көші-қонды ұйымдастырды және мемлекет қазынасына материалдық шығын келтірді деп айыпталуда.