13:53, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Заңсыз сақталған қаруды тапсырғандары үшін ШҚО тұрғындары 27 млн. теңге алады
ӨСКЕМЕН. 2 қазан. ҚазАқпарат - Халықтан заңсыз сақтаудағы қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы 31 қазанға дейін жалғасады,

деп хабарлады ШҚО ішкі істер департаментінен.
1 қыркүйекте басталған акция барысында облыс тұрғындары полицияға 292 оқпен атылатын қару, олардың ішінде 45-і иір ойықты мылтық, 247-сі тегіс оқпанды мылтық және иір ойықты мылтыққа арналған 2094 дана оқ-дәрі тапсырған.
Өңірде халыққа ақшалай сыйақыға 27 миллион теңге бөлінген. Ақша беру кезінде қарудың техникалық жағдайына байланысты үш санатқа бөледі: біріншісі үшін кепілдік берілген бағадан - 100 пайыз, екіншісі үшін - 70 пайыз және үшіншісі үшін 30 пайыз төлейді.
Полицияда түсіндіргендей, «қылмыстық қару» және «тіркеудегі қару» есебінде тұрғандарға ақшалай сыйақы берілмейді. Қолдан жасалған оқ-дәріге де ақша төленбейді.