«Запорожец» көлігінің жүргізушісі бағанаға, кейін оның жанындағы автокөлікке соғылды, қаза болғандар бар - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Семей қаласында кешке ЗАЗ ШАНС автокөлігінің жүргізушісі бағанаға соғылып, одан кейін жол жиегінде тұрған ГАЗ-322132 көлігін қаққан.

«Запорожец» көлігінің жүргізушісі бағанаға, кейін оның жанындағы автокөлікке соғылды, қаза болғандар бар - ШҚО

Алған жарақаттардан оқиға орнында 19 жастағы жолаушы мерт болды. «Запорожецтің» 19 және 23 жастағы тағы екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Өткен тәулікте Өскемен-Семей күре жолының 87-шақырымында тағы бір жолаушы құрбан болды. 27 жастағы «Мерседес-Бенц» көлігінің жүргізушісі көлікті басқару тетігіне ие бола алмай, жылдамдықпен аударылды. Алған жарақаттардың салдарынан 45 жастағы жолаушы тіл тартпай кетті, деп хабарлады полициядан.