Зарина Диас 2015 жылдың алғашқы турнирін қаңтар айында бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Hobart International» теннис турнирі 2015 жылдың 11-15 қаңтарында өтеді. Австралияның Хобарт қаласында өтетін Hobart International теннис турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімі белгілі болды, деп хабарлады kazsport. кz.
None
None

«Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас бар. Сонымен қатар, рейтингі жоғары теннисшілердің арасында австралиялық Кейси Дельаква мен италиялық Камила Джорджи енген», деп жазады sportnews.kz. Еске сала кетейік, өткен маусымда бұл турнирде испаниялық Гарбинье Мугуруса жеңіске жетті. Ол финалда чех қызы Клара Коукаловны 6:4, 6:0 есебімен ұтты.

Соңғы жаңалықтар