Зарина Диас Ноттингем турнирінің жартылай финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Диас Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF сериясының жасыл корттағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Зарина Диас Ноттингем турнирінің жартылай финалына өтті

Ширек финалдық матчта 20 жасар Зарина 6:1, 6:7, 6:3 есебімен 22 жасар америкалық теннисші Мелани Одинді басып озды. Айта кетейік, Зарина Диас әлемнің 86-шы ракеткасы, ал америкалық - 161-ші ракетка екенін атап өткен жөн.

Жарыстың жартылай финалында Зарина Диас португалиялық теннисші Мишель Ларшер де Бритумен ойынға шығады, ол WTA рейтингінде 117-ші орында.