04:57, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
                                        Зарина Дияс Дохадағы турнирде бірінші айналымнан аса алмады
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Дохада басталған халықаралық турнирдің бірінші айналымынан аса алмады. Отандасымыз латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберді.
                                        
                                        
                                     
                                              1 cағатқа созылған ойында 18 жастағы Елена Заринаны 6:1, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Алдағы жаңаратын рейтингте Зарина (84-орын) еліміздің үшінші ракеткасы атанатын болады. Оны Ярослава Шведова (64-орын) басып озады. Ал қазіргі таңда Қазақстанның бірінші ракеткасы - Юлия Путинцева. Ол алдағы уақытта жаңаратын рейтингте 56-орынға тұрақтайтын болады, деп жазады massaget.kz.