Зарина Дияс Дубайдағы турнирде украиналық теннисшіге жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат   - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан турнирден шет қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Жерлесіміз Украинадан келген теннисші Леся Цуренкоға қарсы тойтарыс бере алмай, екі сетте де жеңіліп қалды. Есеп - 2:0 (6:1, 6:2).

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші Цуренкомен бұған дейін кездесу өткізген. Қос теннисші кортқа бүгін үшінші рет шығып отыр.

Дубайда өтіп жатқан турнир 25 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 733, 900 долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram