07:03, 19 Ақпан 2018 | GMT +6
Зарина Дияс Дубайдағы турнирдің іріктеу финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 54-орында) Дубайдағы (БАӘ) Premier сериялы турнирінің іріктеу финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Турнирдегі екінші ойында жерлесіміз ресейлік Вероника Кудерметованы (237) 6:0, 7:5 есебімен жеңді.
Бұл қарсыластар арасындағы ең алғашқы матч еді.
19 ақпанда Зарина іріктеу финалында украиналық Леся Цуренкомен (40) күш сынасады.
Қазақстандық теннисшінің қарсыластармен ойынының есебі 2:0.
Матч Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады.