Зарина Дияс Германиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматылық теннисші Зарина Дияс Германияның Штутгард қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Бір аптаға созылған бұл жарыста Зарина алғашқы айналымда  ресейлік Анастасия Полторацкаяны 6:0, 7:5  есебімен ұтты. Одан кейін жарыс қожайындарынан Таня Отсертагты 6:3, 6:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалда итальяндық Натали Виериннен 7:6, 3:6, 6:2   есебімен басым түсті. Жартылай финалда жарыс қожайындарының тағы бір өкілі Анжелика Роешты 6:1, 3:1 есебімен жеңді. Ал ақтық сында венгр Каталин Маросиді 6:1, 6:2 есебімен ұтып, жүлде қоры  25 мың долларды құрайтын халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда Зарина Дияс ұлттық рейтингте әйелдер арасында төртінші орында. Онда үздік үштікті Ярослава Шведова, Галина Воскобоева мен Сесиль Катанчевалар түйіндеп тұр.

Соңғы жаңалықтар