Зарина Дияс Португалиядағы жарыста қарсыласын бет қаратпай ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 269-ракеткасы Зарина Дияс Фигейра-да-Фош (Португалия) ITF W100 турнирінің екінші айналымына шықты.

дияс
Фото: instagram.com/zarinadiyas

З.Дияс бастапқы кездесуін WTA рейтингісінде 694-орында тұрған латвиялық Диана Марцинкевичпен өткізді.

Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Бәсеке небәрі 44 минутқа созылып, Заринаның айқын басымдылығымен аяқталды.

Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 228-ракеткасы, франциялық Тесса Адрианяфитримомен таласады. 

Аталмыш жарыс 27 шілдеде мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустриядағы турнирде Александр Бублик пен Александр Шевченконың ширек финалда кездесетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар