Зарина Дияс Жапониядағы жеңісті сәтімен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токиода өткен WTA сериясындағы турнирді жеңіп алды, ол ақтық бәсекеде жапон спортшысы Мию Катоны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Бәсеке 1 сағат 75 минутқа созылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Инстаграмдағы astana.day парақшасына сілтеме жасап.

Зарина Дияс Жапониядағы жеңісті сәтімен бөлісті

23 жастағы Дияс алғаш рет WTA титулына қол жеткізді. Екінші партия әлдеқайда тартысты өрбіді. Есеп 5:5 болған кезде қазақстандық теннисші брейк жасап, алға шықты. Бұдан кейін Зарина өз геймін бермей, 7:5 есебімен жеңіске жетті . Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

WТА-дің жаңартылған рейтингінде Зарина Дияс 72-орынға көтерілді.

Теннисші Фейсбуктегі парақшасында жеңісті сәті түсірілген видеоны жұртпен бөліскен.