Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА.KAZINFORM - Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.
U19 санаты бойынша +80 келідегі Зарина Толыбай финалда Үндістан спортшысы Пречи Токаспен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) басым түсті.
Айта кетейік, бүгін еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шаршы алаңға шықты.
Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.
Бокстан Азия чемпионатының финалында бүгін, 15 шілде күні кімдер шаршы алаңға шығатынын жазған едік.