Зауыттағы қауіпсіздік: Премьер-министр «Қазцинк» басшылығына ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазцинктегі» қауіпсіздікке қатысты тапсырма берді.

Взрыв на "Казцинке"
Фото: Kazinform

«Қазцинк» кәсіпорнының басшысы Жанат Жанботин биыл 5 мамырда зауыт өз тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірін бастан өткергенін айтты. 

- Оқиға салдарынан үш адамнан айырылдық. Бұл – біз үшін орны толмас қаза. «Қазцинк» үшін болашақта барлық қажетті алдын алу шараларын қамтамасыз ету тұрғысында осы оқиғаның себептерін барынша егжей-тегжейлі анықтау өте маңызды. Қазір өндіріс жұмысына айрықша бақылау режимі енгізілді, - деді Ж. Жанботин.

Өз кезегінде Үкімет басшысы «Қазцинк» басшылығына кәсіпорындағы қауіпсіздікке қатысты ескерту айтты.

- Жақсы баяндап тұрсыз. Бірақ мамыр айында болған оқиға сөзіңізді жоққа шығарып отыр. Сондықтан қосымша белсенді шаралар қабылдаңыздар, - деді Премьер-министр.

Еске салсақ, мамыр айының басында Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болды. https://kaz.inform.kz/news/oskemendeg-kasporindardin-brnde-zharilis-boldi-f23d56ac

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Қазцинк» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болуы мүмкін екенін айтты.