Зайсан қаласында жер үйде болған өрт 4 жасар баланың өмірін қиып кетті

ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы жер үйлердің бірінде болған өртте 4 жасар бала мерт болды.

Зайсан қаласында жер үйде болған өрт 4 жасар баланың өмірін қиып кетті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 19 қазан күні түскі сағат 12-де Спамбетов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, жалын 36 шаршы метр аумаққа тарады.

Оқиға орнына дереу жеткен ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы тілсіз жаудың ошағын 30 минутта жойып, тағы бір сағаттан астам уақыттан кейін толығымен ауыздықтады.

Өртпен күрес барысында құтқарушылар 2007 жылы туған баланың мәйітін тапты.