Зайсанда ішінде 29 жылқы болған ат қора өртеніп кетті
ӨСКЕМЕН. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Зайсан ауданында ірі өрт болды. Ағаш құрастырмалардың құлауы салдарынан бірден 29 жылқы өлді.
Жалын тілі 280 шаршы метр аумаққа тарады. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде жануарлардың үстіне құлаған ағаш құрастырмалары өртенгені анықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығуының екі себебі қаралуда: өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелері сақтамау, деп хабарлады ТЖД.