18:59, 30 Маусым 2025 | GMT +5
Іздеу жарияланған экс-судья Қарлығаш Тәткееваға қандай айып тағылып отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жариялаудың себебі айтылды.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматы 1971 жылы туған Тәткеева Қарлығаш Құрмашқызына іздеу жариялады, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ агенттік өкілі экс-судьяның орналасқан жеріне қатысты ақпаратты білетін адамдардан Антикорға хабарласуды сұрап отыр.
Айта кетейік, бір апта бұрын экс-судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды. Ол кезде іздеу салу себебі айтылмаған еді.