19:46, 03 Ақпан 2024 | GMT +5
Іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен елордада «Іздестіру» рейдтік іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен рейдті қалалық Полиция департаменті өткізді.
Іс-шара барысында (елорда базарларында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде және басқа жерлерде) іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды, оның ішінде өткен жылдарғы – 7, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалғандардың 2 табылды.