Зеленов ауданында «Жол картасына» сәйкес 936 жаңа жұмыс орнын ашу ойластырылуда
ОРАЛ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданында «Жол картасына» сәйкес сегіз денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру нысанын жөндеуге – 237 млн., Зеленый және Первосовет ауылдарындағы су құбырларын қайта қалпына келтіруге 180 млн. теңге қарастырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ғайса Қапақовтың айтуынша, бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда 936 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте бірінші кезекте жұмыссыздар, аз қамтылған отбасылар және оқу орындарының түлектері тартылатын болады.
Сондай-ақ қосымша 162 әлеуметтік жұмыс орны ашылмақ, бұған 14,5 млн. теңге қарастырылған. Оқу орындарының 44 түлегі жастар тәжірибесінен өткізілетін болса, 85 адам әлеуметтік және қайта ашылған жұмыс орындарына орналаспақ.