10:17, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Зеленов ауданындағы Чиров ауылына газ келді
ОРАЛ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданындағы Чиров ауылына газ келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатқа 86 млн. теңге бөлінген. Он үш шақырымдық газ құбыры құрылысын «Газкотломонтаж» ЖШС (басшысы Олег Соколов) бір айдан аса мерзімде салып бітірді. Қазіргі кезде ауылдағы 112 үйдің 72-сі «көгілдір отынға» қосылуға дайын.
Чиров ? газ қосылған соңғы ауылдық округ орталығы. Ауданда 78 елді мекеннің 46-сына газ жеткізілген.