Зеленов ауданының тұрғыны Т.Стрельцова жүз жасын тойлады
ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Мичурин ауылының тұрғыны Татьяна Стрельцова ғасыр тойын тойлады.
1913 жылы 12 қаңтарда Орынбор облысы Молгачи ауылында дүниеге келген Татьяна Федоровна жастайынан өмір тауқыметін көп көрген. Сұрапыл соғыс жылдарында ері соғысқа аттанған кезде тұңғыш ұлын тәрбиелеп, тылда еңбек етеді. 1946 жылы ері Николай елге оралғасын еңбекке араласып, төрт бала тәрбиелеп өсіріп, оқытады.
Белсенді еңбегімен елге танылған Татьяна Федоровна 1968 жылдан зейнет демалысында. Бірнеше медальмен марапатталған.
Ғасыр төріндегі қайсар ананы Мичурин ауылдық округі әкімі Бекқали Бержанов құттықтап, сый-сияпат жасады.