Зеленский Еурокомиссия және Франция, Ұлыбритания, Италия басшыларымен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Рим Папасын жерлеу рәсімі барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен соң Украина президенті Римде Франция президенті Эманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен жүздесті, деп хабарлайды DW.

 Зеленский Еурокомиссия және Франция, Ұлыбритания, Италия басшыларымен кездесті
Фото: Х / @andrii_sybiha

- Украина сөзсіз атысты тоқтатуға дайын. Зеленский бүгін осы сөзін тағы қайталады. Ол осы жоспарды жүзеге асыру үшін америкалықтармен және еуропалықтармен бірге жұмыс істегісі келеді, деп жазды бүгін Макрон кездесу қорытындысы бойынша Х әлеуметтік желісінде.

Британия үкіметі Стармер мен Зеленский әділ және мықты бейбітшілік жолындағы соңғы күндері болған жетістіктерді талқылағанын және осы қарқынды сақтауға келісті, деп хабарлады.

Сонымен қатар Зеленский Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті, әңгіме жарты сағатқа жуық уақытқа созылған. Осы кездесуден соң фон дер Ляйен Х әлеуметтік желісінде Еуропа Украинаны бейбітшілікке ұмтылыс жолында әрдайым қолдайтынын жазды.

Еурокомиссия басшысы сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттің еуропалық халықтар отбасында өзінің лайықты орнын алу бағытында жасаған қадамы талқыланғанын да айтып өтті.

Зеленский Италия премьер-министрі Джорджа Малонимен кездесіп, өз кезегінде ол атысты сөзсіз тоқтатуға шақырған.

Бүгін Трамп пен Зеленский Рим папасын жерлеу алдында кездесіп, АҚШ президенті оны нәтижелі болды деп мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар