Зеленский мен Трамп өкілдерінің алғашқы келіссөз раунды аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Киевте Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөздерінің алғашқы раунды аяқталды. Бұл туралы украиналық ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады BBC.
Кездесудің мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Украина тарапынан келіссөзге Президент Владимир Зеленский, оның кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, Будановтың орынбасары Сергей Кислица және Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров қатысқан.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, көп ұзамай келіссөздердің екінші раунды басталады. Оған Франция, Германия және Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады деп күтіледі.
Бұған дейін АҚШ президентінің өкілдері Польша арқылы пойызбен Киевке барғаны хабарланған еді.
Алдыңғы күні Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездесуі өтті.